07
июнь
2023
«Болашақ» лагері
Күн тәртібінде:
1.Оқушыларды қабылдау
2. Таңертеңгілік жаттығу
3. «Қазақстан қалалары» танымдық ойыны
4. Волейболдан жарыс
5.Оқушыларды шығарып салу
2023 жылдың 07 маусым күні №221 негізгі орта мектебінде жазғы мектеп жанынан ұйымдастырылған «Болашақ» лагерінің кезекті күні басталды. Балаларды қабылдап болған соң, дене қыздыру жаттығулары жасалды.
Жаттығудан соң, «Қазақстан қалалары» танымдық ойыны ойналды, ойынның мақсаты негізгі элементтер арқылы қаланың атауын табу. Бұл ойында балалар белсенділік танытты.
Мектебіміздің денешынықтыру пәнінің мұғалімі А.Қожатаевтың нұсқауымен оқушылар 2 топқа бөлініп, волейбол ойыны ойналды.
Оқушылар жақсы көңіл-күймен үйлеріне қайтты.


