14
июнь
2023
"Жас құрылысшы "еңбек- тынығу лагері
221 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп балаларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында жұмыс жүргізіп келе жатқан "Жас құрылысшы "еңбек- тынығу лагерінің тағы бір қызықты күні басталды. Дене қыздыру жаттығуларын жасап болған соң, лагерь демалушылары еңбекпен айналысты. Мектеп бөлмелерін тазалауға көмектескен балалар әп -сәтте өздеріне тапсырылған жұмысты тиянақты орындап шықты.
Жоспарға сәйкес, балалар автомат жинаудан сайысқа түсті. Асқан қызығушылықпен қатысқан оқушылар уақыттың қалай өткенін де байқамай қалды.
Топ жетекшілері:Б.Нұрмышов М.Бердихожаева


