17
январь
2024
«ДОСБОЛLIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ
17 қаңтар 2024 жылы N221жалпы орта мектебінде “Досболlike: достық қолын ұсын" акциясы жайлы мектеп оқушыларына ақпараттандырылды.
Акцияның мақсаты мен міндетін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Нысанбаев таныстырды.
Акция 2024 жылдың 17 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты:
Мектеп ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Міндеті:
Өзара шығармашылық іс-қимыл жағдайында оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың ынтымақтастығы үшін қажеттілікті қалыптастыруға жәрдемдесу.
Шығармашылық ынтымақтастық негізінде оқушылардың эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін позитивті қарым- қатынастың тиімді түрлері туралы қатысушылардың түсініктерін кеңейту.
Позитивті қарым-қатынас құру үшін, бірлескен іс- әрекеттегі қарым-қатынас тәжірибесі арқылы белсенді мінез-құлық дағдыларын дамыту.
Қатысушылар:
- Орта білім беру ұйымдарының білім алушылары;
- Ата-аналар, педагогтер,еріктілер, білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестері;




