Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.
№221 жалпы орта білім беретін мектебінде бітіруші түлектердің ата-аналарымен жиналыс өтті. Мектеп директорының бейінді істер жөніндегі орынбасары Г.Сейтова жиналыс барысында оқушылардың ҰБТ-ға дайындықтың сынама нәтижелеріне талдау жасап, таңдау мамандықтарына тоқталды.
11- сынып жетекшісі М.Бердихожаева мен мектеп директорының бейінді істер жөніндегі орынбасары Г.Сейтованың бірлесуімен оқушыларға «Менің бизнес идеяларым» тақырыбында іс-шара өтті.
№ 221 жалпы орта білім беретін мектебінде 15 қараша күні 2-4 сыныптар арасында бастауыш сынып мұғалімі Әбдиева Қалия "Менің сүйікті ертегім" тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырды.
№221 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сыныптар арасында 16 қараша күні бастауыш сынып мұғалімі Г.Төлекованың ұйымдастыруымен "Сөйлей-сөйлей шешен" тақырыбында шешендік сөздер айтудан сайыс өткізілді.