15
ноябрь
2023
ОЙ МЕН ОЙЫН
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: "Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?" деп айтқандай баланың өмірінінде ойын ерекше орын алады. Осы орайда
№221 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыштар сыныптар арасында 14 қараша күні бастауыш сынып мұғалімі Б.Үсенованың ұйымдастыруымен "Ой мен ойын" тақырыбында танымдық сайыс өткізілді.
Мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың сабақтағы әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылықтарын ояту.
Сайыста балалар "Бетпе-бет"( топ басшылары "Додекаэдр" әдісімен сұрақтарға жауап беру), "Суреттер сөйлейді" ( суретті мақал-мәтелдерді табу), "Хорнология" (сурет пен санның сәйкестігін табу), "Сөзжұмбақ-Көзжұмбақ" (көзі байланған бала әріптерден сөз құрайды) кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Сайыс қорытындысында жеңімпаз топ анықталып, марапатталды.
Бастауыш сынып мұғалімі: Үсенова Баян