8 қыркүйек күні 221 жалпы орта білім беретін мектебінде "Тілге құрмет-елге құрмет " апталығы аясында "Ұлттың ұлы тұлғасы " тақырыбында Қ.Қайсенов, О.Бөкей шығармалары бойынша сурет, комикс салып , өз жұмыстарын қорғады.
7 қыркүйек күні 221 жалпы орта білім беретін мектебінде "Тілге құрмет-елге құрмет " апталығы аясында "Оқуға құштар бол" тақырыбында оқушылар мен ұстаздар мерейтой иелерінің шығармаларын QR арқылы оқып, танысты.
06.09.2023 жылы 221 жалпы орта білім беретін мектебінде "Тілге құрмет-елге құрмет " апталығы аясында жас тілшілер оқушылармен, ұстаздармен сұхбат жүргізді. Сұхбат биылғы мерейтой иелеріне арналды.
«Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп халқымыздың тағдыры үшін, тілі үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін салған Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс тойланады. Сондықтан осынау атаулы күнге тіл мерекесін үйлестіріп, атап өтудің маңызы мен мәні зор.
Бүгін №221 жалпы орта білім беретін мектебінде"Тілге құрмет-елге құрмет" атты қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, өз ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа тәрбиелеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы басталды.