30
декабрь
2022
Психикалық денсаулықты сақтау және нығайту дағдылары
Жаңақорған ауданы Аққұм ауылындағы N 221 жалпы орта білім беретін мектебінде 30.11.2022 жылы педагог-психолог Г.Сейтова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Құламетовтың ведомствоаралық жоспарына сәйкес аудандық емхана психологы Г.Сарбасова мен СӨС маманы Т.Сақтағанов, мектеп медқызметкері Е. Қалдыбайұлының қатысуымен 8-10-сынып оқушыларына "Психикалық денсаулықты сақтау және нығайту дағдылары" тақырыбында профилактикалық шара өтті. Шара барысында психикалық, физиологиялық денсаулық туралы, нашақорлық, зиянды әдеттер жайлы оқушылар мағлұматтар алумен қатар, жасөспірімдерге эмоцияларын игере алу туралы топтық кеңестер жүргізіліп, позитивті видеороликтер көрсетілді. Жасөспірімдер өз ойларын айтып, пікірлер бөлісті. Іс шараға оқушылар белсене қатысты.











