09
февраль
2023
Поэзия Хантәңірі- Мұқағали
№221 жалпы орта білім беретін мектебінде "Оқуға құштар мектеп","Мектеп театры" жобалары аясында ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, М.Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралуының мәні мен оның өміршеңдігінің сырын таныту, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну мақсатында " Поэзия Хантәңірі- Мұқағали" тақырыбында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Бердихожаева, музыка пәнінің мұғалімі Б.Серібаева, мектеп кітапханашысы Б.Тулекбаевалардың ұйымдастыруымен ақынға арналған кеш өтті. Оқушылар ақынның өлеңін жатқа, мәнерлеп оқып,ақынның сөзіне жазылған әндерін шырқады. "Аққулар ұйықтағанда'поэмасынан көрініс көрсетіп, мектебіміздің "Наз" бишілер тобы "Саржайлау" әніне мың бұрала билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
https://www.facebook.com/100024029208151/videos/1902402436779186
https://www.facebook.com/100024029208151/videos/pcb.1377249649752662/1257504154804524
https://www.facebook.com/100024029208151/videos/pcb.1377249649752662/914142306695350