12
октябрь
2019
«2-4-сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында ата-аналар жиналысы
5.10.2019 жылы №221 негізгі орта мектебінде 2-4-сынып ата-аналарымен педагог-психолог Г.Сейтованың ұйымдастыруымен «2-4-сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында отбасының беделін арттыру және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту- Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі екенін педагог-психолог Г.Сейтова ата-аналарға түсіндіре отырып, пікірлесу өткізді. Сонымен қатар «Тату отбасы, бақытты балалар- еліміздің гүлденуінің іргетасы» тақырыбында видеоролик көрсетті. Видеороликтен кейін де ата-аналар өз ойларымен бөлісті.
Педагог-психолог Сейітова Гүлзада



