Курстан алған әсермен
Жаңақорған ауданында 17 -28 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты 10-11-сыныптарда «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» (Т1) пәні бойынша педагогтердің базалық және пәндік құзіреттілігін дамыту» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне №110 мектеп-лицейі базасында біліктілікті арттыру курсы өтті Курсты аға оқытушы Мария Айтбайқызы Орманова жүргізді.