01
октябрь
2019
«Бірінші сынып оқушыларына психологиялық көмек» ата-аналар жиналысы
9 қыркүйек 2019 жылы №221 негізгі орта мектебінде 1-сынып оқушыларының ата-аналарымен «Бірінші сынып оқушыларына психологиялық көмек» тақырыбында жиналыс болып өтті. Педагог-психолог Г.Сейтова ата-аналарға баяндаманы презентация ретінде таныстырып, әрбір баланың мектепке келуі, оқуды бастауы, мектептегі талап, оқушы ережесі, баланың психикалық тұлғасы, мектептегі оқудың күшті стресс тудыруы туралы атап өтті. Сонымен бірге ата-аналарға топтық кеңестер берілді.
Педагог-психолог Сей"това Гүлзада


