29
ноябрь
2019
"Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары" жалпыреспубликалық ашық сабақ
29 қараша 2019 жылы мектебіміздің барлық сыныптарында "Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары" тақырыбында жалпыреспубликалық ашық сабақтар өткізілді. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының қоры ұсынған "Өзгерістер қуаты" және "Қазақстан патриоты" деректі фильмдері көрсетілді. 1-4 сыныптарға, 5-8 сыныптарға және 9-11 сыныптарға арналған жалпыреспубликалық ашық сабақты өткізу тұжырымдамасына сүйене отырып, әр сынып әртүрлі тақырыптарды, яғни "Елін сүйген - Елбасы", "Елбасының дара жолы", "Елбасы даналығы", "Еңбексүйгіш Сұлтан", "Н.Ә.Назарбаев және "Байқоңыр" космодромы" т.б. таңдай отырып сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарының негізгі мақсаты білім алушыларды Ұлт Көшбасшысын мақтан тұтуға, патриотизмге, Отанды сүюге тәрбиелеу, Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көшбасшылық қасиеттерімен, өмірімен және еңбек жолымен таныстыру, білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту болды. "Елбасының көшбасышылық сабақтары" бір мезгілде өткізілді.

























