14
декабрь
2019
"Тыныштық" түзету-дамыту тренингі
№221 негізгі орта мектебінде 21.11.2019 жылы 1-сынып оқушыларымен педагог-психолог Гүлзада Сейтова «Тыныштық» тақырыбында түзету-дамыту тренинігін өткізді. Тренингке 16 оқушы қатысты. Тренинг барысында «Әңгіме» жаттығуы, «Лабиринт» жаттығуы, «Айна» жаттығуы, «Тыныштықты тыңдау» жаттығулары орындалды. Оқушылар жаттығуларға белсене, қызыға қатысты.






