19
ноябрь
2019
Тренинг "Мейірімділік"
18.10.2019 жылы №221 негізгі орта мектебінде 1-сынып оқуышларымен «Мейірімділік» тақырыбында түзету-дамытушылық тренингін педагог-психолог Г.Сейтова өткізді. Тренингке 15 оқушы қатысты. Оқушылар эмпатияны дамыту, жағымды эмоция тудыру мақсатында «Мейірімді есім», қысымды түсіру, топты біріктіру мақсатында «Атом және молекула», өз ойын білдіру, іскерлігін дамыту мақсатында «Мен.... ұнатамын» т.б. ойын жаттығуларды жасады. Оқушылар тренингке белсене қатысты.


