20
февраль
2020
«Абай –ұлт биігі» сурет көрмесі
2020 жылдың 17 ақпаны күні №221 негізгі орта мектебінде Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы А.Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты онкүндігінің жоспарына сәйкес, «Абай –ұлт биігі»тақырыбында ақын шығармалары бойынша сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Сурет көрмесіне 1-7 – сынып оқушылары қатысты. Пән мұғалімі Д.Досманбетова ақын шығармашылығы бойынша салған суреттерге талдау жасап өтті. Оқушылар ұйымдастырылған іс-шараға үлкен қызығушылық танытты.




