11
февраль
2020
"Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты онкүндіктің ашылуы
2020 жылдың 10 ақпаны күні №221 негізгі орта мектебінде Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы А.Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Онкүндіктің жоспарымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Бердіқожаева таныстырып өтті. Пән мұғалімі « А. Құнанбайұлы және адам тану» тақырыбында баяндама оқыды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Н.Шораева оқушыларды апталықтың ашылуымен құттықтап, апталыққа белсене атсалысуға шақырды.






