12
февраль
2020
«Абай деп соғар жүрегім» тақырыбында жас ақындар мүшайрасы
2020 жылдың 12 ақпаны күні №221 негізгі орта мектебінде Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы А.Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты онкүндігінің жоспарына сәйкес, «Абай деп соғар жүрегім» тақырыбында жас ақындар мүшайрасы өткізілді. Мүшайраға 5-9 сынып оқушылары қатысты. Ұлы ақынға деген өз құрметтерін жас ақындар өлеңмен жеткізді. Байқау қорытындысы бойынша, әділқазылар алқасының шешімімен І орынды 9-сынып оқушысы А.Аятбек, ІІ орынды 8-сынып оқушысы Қ.Жұпарханқызы, ІІІ орынды 8-сынып оқушысы Н.Бөлеген иеленді.





















