14
сентябрь
2019
"Ата-ананы құрметтеу - әрбір адамның қасиетті борышы" тақырыбындағы тәрбие сағаты
2019 жылдың 13 қыркүйегі күні барлық сыныптарда аудандық білім бөлімінің қатынасына сәйкес, «Ата-ананы құрметтеу – әрбір адамның қасиетті борышы» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу,отбасын, отбасы мүшелерін құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс–шараларға сынып оқушылары белсене қатысты. Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана екендігі баса айтылды.




















