"Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі" ата-аналар жиналысы
№221 негізгі орта мектебінде 7-20 қараша 2019 жыл аралығында Дүниежүзілік балалар күнін және Бала құқығы туралы БҰҰ конвенциясының қабылданғанына 30 жыл және ратификацияланғанына 25 жыл толуына орай «Бала құқығы –адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында жасалған іс-шара жоспарына байланысты «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Ата-аналар жиналысын мектеп директоры Ж.Жанасбаев ашып беріп, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Шораева «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында баяндама оқыды. Мектебіміздің педагог-психологы Г.Сейтова ата-аналармен пікірлесу сұрақтарын қоя отырып, отбасындағы тәрбие, қазіргі таңда болып жатқан зорлық-зомбылықтар жайлы, ата –бабамыздан келе жатқан жақсы салт-дәстүріміздің маңызды тұстары туралы ой бөлісті.
Педагог-психолог Г.Сейтова





