08
февраль
2022
Мейірімді жүректер ынтымақтастығы
N221 негізгі орта мектебінде дәстүрлі "Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы " онкүндігі аясында 8.02.2022 жылы өзін-өзі тану пәні мұғалімі Сейтова Гулзада мен Үсенова Баянның ұйымдастыруымен " Мейірімді жүректер ынтымақтастығы" атты қайырымдылық акциясы өтті. Қайырымдылық- адамның бойындағы ең құнды қасиеттердің бірі. Қайырымдылық адам жанының нұры. Бүгінгі шарада мектебіміздің мұғалімдеріне жылы сөзден нұр сыйлап, оқушыларға жақсы қасиеттері жазылған тәтті лер ұсынылды. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Осындай игі шараларды көріп өскен балаларымыз бойына жақсы қасиеттер мен адами жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіріп, қайырымды , жанашыр, мейірімді ұрпақ боп өсері даусыз.
https://www.facebook.com/gulzada.seytova/videos/4887058611340492









https://www.facebook.com/gulzada.seytova/videos/4887058611340492








