18
февраль
2022
Баланы адам қылып өсіру
Жиналыс барысында бала, отбасы, мектеп ынтымақтастығы жайлы бейнероликтер көрсетіліп, рухани әңгімелер айтылып, қанатты сөздер талданып, топтық тапсырмалар орындалып, топпен ән айтылды. Оқушылардың ата-анаға арнап жазған хаттарын ата- аналар оқып, ерекше алған әсерлерімен бөлісті. Жиналыс барысында тапсырмалардың барлығы Жалпыадамзаттық құндылықтар мен рухани-адамгершілік қасиеттер төңірегінде пікірлесулер және ойбөлісулермен қамтылды. Ата-аналар балаға рухани тәрбие беріп, қайырымдылық, жақсылық, мейірімділікке үйретсек, нағыз Адам тәрбиелейміз деген пікірлер білдірді.















