01
февраль
2023
Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?"
N221 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-10-сынып оқушыларымен ведомствоаралық/бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарына сәйкес педагог-психолог Г.Сейтованың ұйымдастыруымен " Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?" Тақырыбында ағартушылық бағыттағы семинар-тренинг өтті. Шара барысында педагог-психолог Г.Сейтова зорлық-зомбылық туралы, түрлері жайлы, оның адамға тигізетін зияны, зардабы жөнінде кең мағлұмат берді. Оқушылармен топтық жұмыстар жүргізілді. Топтық жұмыс та тақырыпқа байланысты жасалды, оқушылар белсене қатысты.