«Балалық шаққа саяхат» арттерапиялық тренинг » №221 орта мектебі
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы білім бөлімінің
"№221 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(702) 247-12-58
Директор орынбасары:
+7(777) 486-51-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Балалық шаққа саяхат» арттерапиялық тренинг
05
апрель
2021

«Балалық шаққа саяхат» арттерапиялық тренинг

7-сынып оқушыларымен 10.03.2021 жылы, 6-сынып оқушыларымен 20.03.2021 №221 негізгі орта мектебінің педагог-психологы Г.Сейтованың ұйымдастыруымен «Балалық шаққа саяхат» тақырыбында арттерапияның элементтерін қолдану арқылы тренинг жүргізілді. 
Тренингтің мақсаты оқушылардың арттерапия элементтерін қолдана отырып, эмоциясын, мінез құлқын, көңіл күйін қадағалау және шығармашылыққа негізделген психокоррекциялық терапия жүргізу болды. 
Тренингке оқушылар белсене қатысты. Тренинг барысында оқушылар   бір біріне жақсы тілектерін айтып, жақсы қасиеттерін атап өтті, тілектен кейін бір біріне алғыс айтты.
7-сынып оқушыларымен өткізілген тренинг барысында «Менің көңіл күйім» жаттығуында оқушылар бүгінгі күннен ең көңілді сәтін еске түсіріп, ортаға айтып берді. Оқушылар Мейірман, Қарақат С, Қарақат.А,Нұргүл, Шапағат, Досымжан, Дания, Нұршат , Диас өзінің қызықты оқиғаларымен бөлісті. «Балалық шаққа саяхат»  бөлімінде ақ параққа берілген белгісіз бояуды толықтырып, өз өмірлерінің қызықты сәтімен сәйкестендіріп, ақ қағазға сурет салып, топтық жұмылдырылған жұмыс жасады. Топтық жұмысты өздері қызықты оқиғаларымен байланыстырып, әңгімелеп, қорғап шықты.  Балалық кездегі қызықты оқиғаларын айтып, оқушылар өте көңілді отырды.
6-сынып оқушыларымен өткізілген тренинг барысында «Менің көңіл күйім» жаттығуында оқушылар бүгінгі күннен ең көңілді сәтін еске түсіріп, ортаға айтып берді. «Балалық шаққа саяхат»  бөлімінде оқушылар газет, журнал қиындыларынан суреттер тауып, суреттерді жапсырмалап, өз өмірлерінің қызықты сәтімен сәйкестендіріп, ақ қағазға жапсырмалап, топтық жұмылдырылған жұмыс жасады. Топтық жұмысты өздері қызықты оқиғаларымен байланыстырып, әңгімелеп, қорғап шықты.  Балалық кездегі қызықты оқиғаларын айтып, оқушылар өте көңілді отырды.
«Мен ризамын...» жаттығуында оқушылар өмірлері өте қызықты, жақсы екенін, ата-аналары мен ұстаздарына, достарына алғыс айтты. Тренингті педагог-психолог Г.Сейтова қорытындылады. Оқушылар жақсы көңіл күймен қайтты. 








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив