17
март
2023
“Қош келдің төрлет, Наурызым”
№221 жалпы орта білім беретін мектебінде “Қош келдің төрлет, Наурызым” атты наурыз мерекесі кең көлемде тойланды.
Әз Наурыз-ұлттық сананың, ұлттық бірліктің жарқын көрінісі екені анық.
Қазағымыздың ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрін дәріптейтін, адамдардың бір-біріне деген өкпе-ренішін ұмытып, жер бетінде шаттық орнайтын осындай Ұлыстың Ұлы күнінде мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары да игі дәстүрді жалғады. Мереке қарсаңында ақсақалдардан бата алып, шашу шашылып, қазақтың ұмыт болып бара жатқан"Қымызмұрындық" салты және көктем шыға жылдың келгенін хабарлайтын "Наурызек құсы" жайлы көріністер көрсетіліп, әсем ән шырқалып, би биленіп қонақтар дүбірлі тойдың куәсі болды. Мерекелік көңіл-күйді, яғни Наурыз мерекесін жастар да асыға күтетіні, ол күні жастар жиылып көңіл көтеретіні де осы бір кеште керемет көрініс тапты.
https://www.facebook.com/100024029208151/videos/1188930571763946/
https://www.facebook.com/100024029208151/videos/769738811160319/
https://www.facebook.com/100024029208151/videos/1446871972805837/
https://www.facebook.com/100024029208151/videos/2231258723747628/
https://www.facebook.com/100024029208151/videos/187340840702202/

