05
апрель
2021
«Өмір сен ғажапсың" психологиялық тренинг
№221 негізгі орта мектебінде 16 наурыз 2021 жылы «Өмір сен ғажапсың» атты 8-сыныппен педагог-психолог Г.Сейтованың ұйымдастыруымен көктемгі каникул алдындағы көңіл күйлерін байқау мақсатында тренинг өткізілді. Тренингке 16 оқушы қатысты. Оқушылар тренинг барысында жағымды көңіл күй қалыптастырып, тренингке белсене қатысу үшін тыныштық сәтін орындады. Тыныштық сәтінен кейін өздерінің ой пікірімен бөлісіп, ұнағанын жеткізді. Оқушылар тренинг барысында өте көңілді, және ашық пікір бөлісті. Оқушыларға тренинг ұнады.





