14
апрель
2023
Кездесу
№221 жалпы орта білім беретін мектебінің АӘТД пәнінің мұғалімі Б. Нұрмышовтың ұйымдастыруымен 2021-2022 жылы Ақтау қаласы Әуе қорғанысы күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері №51809 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп келген ауылымыздың қос азаматы Назарбекұлы Заманбек және Өмірзақ Бекзатты шақырып, оқушылармен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында оқушыларға патриоттық маңызы бар әңгімелер жүргізіліп, Отан алдындағы борышын өтеу әрбір азаматтың міндеті екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, кездесу барысында АӘТД пәні мұғалімі Б.Нұрмышов мектебіміздің 2006 жылы туылған оқушылары Бегалы Бейбарыс пен Ізбасар Нұрсұлтанға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы" куәлігін табыстады.





