19
апрель
2023
Ою-өрнек сайысы
#221 жалпы орта білім беретін мектебінде 7-9 сынып қыздары арасында "Ою-өрнек Party" этномәдени сайысы болып өтті. Қыздар "Шеберлер", "Жұлдызша", "Өрнек" топтары болып сайысқа түсті.Сайыс барысында өз топтарының атауын таныстырды.Сонымен бірге,ою-өрнек туралы мақал-мәтел,бұйымды ою-өрнекпен безендіру,түрлі түсті қағаздан ою қырқып таныстыру секілді бөлімдер бойынша өз өнерлерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша "Шеберлер" тобы 1орынды, "Өрнектер" 2 орынды, "Жұлдызша" тобы 3 орынды иеленді.
Ұйымдастырушы: Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Д.Досманбетова
