06
июнь
2023
"Ойын-бала қиялын шығармашылық ойлауға жетелейтін тәрбие құралы"
"Ойын-бала қиялын шығармашылық ойлауға жетелейтін тәрбие құралы" дегендей, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болады. Осы мақсатта 221 жалпы орта білім беретін мектебінде 6-маусым күні "Балдырған" күндізгі тынығу лагерінің іс-шарасы бойынша оқушылармен бірге "Биле, биле" сергіту сәті, "Зияткерлік ойындар" ребус, сөзжұмбақтар шешу, "Қарындаштар" танымдық ойындары ұйымдастырылды. Бүгінгі ұйымдастырылған ойындар оқушыларға ерекше ұнады. Өздерінің аса белсенділіктерін танытқан оқушылар жеңімпаз атанды.
Топ жетекшілері: Г.Төлекова, Б.Үсенова





