30
сентябрь
2019
Аудандық семинар
№221 негізгі орта мектебінде қыркүйек айының 27 – і күні «Тәрбие ісі мен психологиялық қызмет – бала тәрбиесіндегі негізгі тірек» тақырыбында үлкен көлемде аудандық семинар болды. Семинарға Жаңақорған ауданының білім бөлімінің бас инспекторы М. Жандарбекованың бастамасымен аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинарда концерттік бағдарлама, ашық тәрбие сағаттары, шаңырақ сағаты, спорттық сайыс және тренингтер ұйымдастырылды. Аудандық семинар жоғары дәрежеде өтті. Келген қонақтар өздерінің ой – пікірлерін айтып, семинардың жақсы өткендігіне алғыстарын білдірді.



























