"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" тілдер онкүндігі » №221 орта мектебі
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы білім бөлімінің
"№221 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(702) 247-12-58
Директор орынбасары:
+7(777) 486-51-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" тілдер онкүндігі
11
сентябрь
2019

"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" тілдер онкүндігі

№221  негізгі орта  мектебінде   5-14   қыркүйек   аралығында  Қазақстан халқы тілдерінің  күніне орай    « Өзге тілдің  бәрін біл,   өз тіліңді құрметте » атты тілдер   онкүндігі басталғанын қазақ тілі мен әдебиеті   пәнінің  мұғалімі М.Бердіқожаева оқушыларға хабарлай келе, онкүндіктің  жоспарымен таныстырды. Онкүндікте    қазақ , орыс, ағылшын  тілдерінде   интеллектуалды   сайыс, байқаулар өткізілетінін үштілділікке,, латын графикасына  байланысты іс –шаралар  ұйымдастырылатынын, «Өзге  тілдің бәрін   біл, өз тіліңді құрметте » тақырыбына   мерекелік  кеш  жоспарланып отырғанын айтты.

         Сонымен қатар  пән мұғалімі    М.Бердіқожаева    баяндама оқыды.Баяндамашы:  «Қазақ тілі- қазақтың жаны, қазақ жері- қазақтың тәні, жерге түскен сызыт- тәнге түскен сызат, тілге түскен сызат- жанға түскен сызат ,ұлт болған жерде – тіл, тіл болған жерде  оның  мәселесі   де болады,қазақ тілінің мәселесі   өткен ғасырдың  басынан бері қозғалып келеді деп атап өтті. «Тіл – тіршіліктің бастауы», - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Себебі, бала дүние есігін шыр етіп ашқан сәттен бастап, айналадағы жаңа сөздерді, ұғымдарды, тіпті анасының әлдиін де өз ана тілінде тыңдап үйрене бастайды. Осылайша ана тіліміз ананың ақ сүтіндей бойымызға ақ ниетпен дариды. Қазақтың ұлы тұлғалары Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Сабит Мұқанов сөйлеген тіл. Қазақ халқымен, тілімен бірге абыройлы да асқақ, сынақты да сындарлы тағдырды басынан кешірді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жүйелі сөзбен алқалы топты еңсерген ойшыл, шешендерді ел басқару ісіне араластырып, халық жүрегінде жатталған дала данышпандары, кемеңгер ойдың кемелді арнасы, тілінен бал тамған, қара қылды қақ жарған әділетті би-шешендер ұлылық пен ұлағат, өнеге мен тағылымның мектебі, аталы ойдың алтын қазығы бола білді» ,-деп ойын қорытындылады. 

6 қыркүйек  күні  «Өзге тілдің бәрін біл, өз  тіліңді құрметте» атты тілдер онкүндігінде    қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Бердіқожаева  қазақ тілінен білімдерін  байқау, ана тілдің  мәртебесін   көтеру мақсатында  «Тіл білгірі» сайысын ұйымдастырды. Сайысқа 5-6 сыныптар қатысты.

  1. «Ұтқыр сауал,  ұтымды жауап» Сұрақ -  жауап
  2. Талдаудан таңдауға
  3. Тұрақты тіркестердің   мағынасын ашу
  4.  Ойлы болсаң озып көр
  5.  Сөз   зергері 
  6. Ақын болам мен ертең...

бөлімдері бойынша   сынға түскен  екі топ  өз    білімдерін  сарапқа салды.  

7 қыркүйек 2019 жылы № 221 негізгі орта мектебінде Тілдер декадасында  орыс тілі пәні бойынша «Веселые вопросы» тақырыбында разминка өтілді. Жоғарыда аталған іс-шараға 5-9 сынып оқушылары қатысты. Қатысушыларға танымдық деңгейін арттыру мақсатында әр түрлі сұрақтар қойылды. Мысалы, Какой город летает? (Орел), какое государство можно носить на голове? (Панама), какая земля никогда не старится? (Новая Земля), на какой вопрос нельзя ответь «да»? (Вы спите?), может ли страус назвать себя птицей? (нет, так как он не умеет говорить),перечислите пять дней недели, не называя их по именам (позавчера, вчера,сегодня, завтра, послезавтра). Аталған іс-шарада ең көп жауап берген 6-шы сынып оқушысы Тұрғанбек Досымжан болды. Екінші орында 7-шы сынып оқушылары Арыстанбек    мен Машрап Гүлім, үшінші орынға ие болған 8-шы сынып оқушысы Бердібек Даниел. Ерекше көзге түскен 5- сынып оқушысы Әліппай   Әминағзам   болды. 

9 қыркүйек 2019 жылы № 221 негізгі орта мектебінде Тілдер декадасында  орыс тілі пәні бойынша «Игра с буквами» тақырыбында игра-конкурс  өтілді. Аталған іс-шараға 7-9 сынып оқушылары қатысты. Конкурс мынадай бөлімдерден турды «Разминка», «Путаница», «Шагослов», «Черный ящик», «Эрудит». Конкурсқа  үш   сыныптан   үш  команда  жасақталған. 9- сыныптан Аятбек А, Асан А, Машрап М және Ілияс Гаухар қатысты. 8- сыныптан  Әліппай М, Бердібек Д, Бердібек Б және Жұмабек Аяжандар қатысты. 7-сыныптан Арыстанбек М, Бегалы Б, Құрмантай М мен Ізбасар Нұрсұлтандар қатысты. Конкурста  төрелік еткен  5- сынып оқушылары. Нәтижесінде 38 ұпай жинаған 

9- сынып оқушылары  І орынға ие болды, 26 ұпаймен – 8- сынып оқушылары 

ІІ орынға, ал 23 ұпаймен 7- сынып оқушылары ІІІ орынға ие болды.

10 қыркүйек  күні   9-сынып оқушылары   Қазақстан халқы Ассамлеясының  ұйымдастыруымен  республикалық   «Мың бала»   мәдени ағартушылық    жобасы аясында  Қазақстан халқы тілдері   күніне орай   латын графикасын   қолданумен     жалпықазақстандық  диктант    жазды.

Латын графикасын қолдану аясын    кеңейту,  мемлекетік тілді  білуге қызығушылықты арттырып , қазақстандық  бірегейлікті   қалыптастыру, қоғамдық  келісім   мен ел бірлігін  нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараға   9-сынып оқушылары үлкен қызығушылық танытты.

      11.09.2019 ж ағылшын тілінен «Young polyglot»  атты полиглот сайысы болып өтті. Сайыс үш кезеңнен тұрды.

 1-кезеңде сұрақтардың жауабын табу және сол сөздің орысша, ағылшынша баламаларын табу;

 2-кезеңде постердегі суреттерге тиісті сөздерді жапсыру және сол сөздердің орыс,ағылшын тіліндегі баламасын айту;

     3- кезеңде ағылшын тілінде  оқылған мәтінге байланысты сурет салу;

    Сайысқа 5-9 сынып оқушылары арасынан төрт оқушы қатысып, әр сынып бойынша  20 оқушы жарысты.

      Оқушылар сұраққа дұрыс жауап бергенде -   10 ұпай, орысша баламасын тапқанда – 20 ұпай, ағылшынша баламасын тапқанда – 30 ұпай берілді. 

     Сайыс қорытындысы бойынша  бірінші орынды   9-сынып  оқушылары  жеңіп алса, екінші орынды  8-сынып оқушылары, 6-cынып оқушылары үшінші орынға ие болды.

12.09.2019 ж ағылшын тілінен «1000 бір мақал 100 бір жұмбақ»  атты полиглот сайысы болып өтті. Cайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде мақалдың жалғасын тауып, сол  тапқан сөз тіркесіндегі бір сөздің ағылшын, орыс тілдеріндегі баламасын табу;  Екінші кезеңде   жұмбақтың жауабын үш тілде айту;

Сайысқа 6,7,8,9- сынып оқушылары  қатысты. 

      Оқушылар жұмбаққа дұрыс жауап бергенде -   10 ұпай, орысша баламасын тапқанда – 20 ұпай, ағылшынша баламасын тапқанда – 30 ұпай берілді. 

Сайыс қорытындысы бойынша  бірінші орынды  9-сынып оқушылары иеленсе, екінші орынды 8- сынып оқушылары , үшінші орынды  7-сынып оқушылары жеңіп алды. 




























Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив