30
ноябрь
2019
"ЕЛ ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН ЕЛБАСЫ" салтанатты мерекелік кеш
29 қараша 2019 жылы мектебімізде Тұңғыш Президент күніне орай "Ел ертеңін ойлаған Елбасы" атты салтанатты мерекелік кеш болып өтті. Мерекелік кештің басты мақсаты білім алушыларға еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылыққа толы елі үшін атқарған істері туралы, туып өскен, оқып білім алған жерлері туралы мағлұмат беру, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету, шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Мерекелік кешті мектеп директоры Ж.Жанасбаев пен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Жоланов ашып берді. Мұғалімдер мен оқушыларды мерекелерімен құттықтап, еңбектерінің жемістерін көруді, биік белестерден көрінулеріне тілектес екендіктерін білдірді. Әрі қарай мерекелік кеш мектеп тәлімгері Ә.Жанасбаева мен оқушылардың дайындаған ән, би және жыр шашуларымен жалғасын тапты. Мерекелік кеш барысында Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, елі үшін еткен еңбектері жайлы ақпараттар берілді және бейнероликтер көрсетілді.













