15
январь
2020
"Әл-Фараби әлемі" интеллектуалды танымдық сайыс
Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фарабидің туылғанына 1150 жыл толу аясында 14 қаңтар 2020 жылы тарих-география пәні мұғалімі Байдулла Мөлдір "Әл-Фараби әлемі" атты интеллектуалды сайыс өткізді. Мақсаты жас ұрпаққа халқымыздың тарихын тереңдете оқытып, тәрбиені ұлттық бағытта өрістету ісінде танымдық ойын арқылы ежелгі замандағы Отырар топырағында туған, халқымызға мол мұра қалдырған ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмір жолдарымен, тарихтағы алатын орындарымен таныстыру. Сайысқа мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары қатысып, топ болып сайысқа түсті. Сайыс 6-кезеңнен тұрды. әр кезеңде оқушыларға Әл-Фарабидің өмір жолына, шығармаларына, ғылымға қосқан үлесіне байланысты танымдық сұрақтар мен тапсырмалар беріліп отырды. Сайыс соңында өзінің танымдық деңгейін көрсетіп, жетістікке жеткен оқушылар марапатталды.





















