"Мен таныған Әл-Фараби" мәнерлеп оқу сайысы
2020 жылдың 16 қаңтары күні №221 негізгі орта мектебінде «Мен таныған Әл-Фараби» тақырыбында Әбу Насыр Әл – Фараби мұраларын жатқа мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Бүгінгі күнмен үндесіп жатқан Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың шығармаларын жете түсініп, оқып , оны көпшілікке жеткізу,тарихтағы баба мұраларын насихаттау арқылы отансүйгіштік тәрбие беру мен баба мұрасына деген жастардың құрметін арттыру. Кітапты сүюге, ғибрат сөздерден үлгі-өнеге алуға, кітапты құрметтеуге баулу,еркін ойлай алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға оқушылар белсене қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды 7-сынып оқушысы М.Арыстанбек, 2-орынды 6-сынып оқушысы Д.Тұрғанбек, 3-орынды 4-сынып оқушысы С.Бөлеген иеленді.











