04
февраль
2020
"Қанекей зерек боламыз!" түзету-дамытушылық тренинг
Тренингке 14 оқушы қатысты. Тренинг барысында оқушылар жаттығуларға белсене қатысты. Танысу жаттығуы орындалды . Оқушылардың көбісі далада ойнайтын қозғалыс ойындарды атады. «Керісіншелер елі» жаттығуында сөздерді теріс қаратып, айту кезінде оқушылар қиналғанын айтты. Құралай, Орынбасар, Әлинұр ойын барысында сөздерді теріс қарап айту кезінде мүдігенін айтты. «Сюжет» жаттығуы кезінде бір топ он сөздің бесеуін қатыстырып әңгіме құрастырды. Екінші топ он сөздің алтауын қатыстырып әңгіме құрастырды . Әңгімелері жақсы құрастырылған. «Затты аяғына дейін сал» жаттығуы кезінде оқушылар дөңгелекті алма, төртбұрыштан теледидар, үй салды. Иректен шырша, қыздың қолын аяқтап салды. Топтық жұмыс кезінде оқушыларға топпен жұмыс жасау өте қызықты болды. Өздері жасаған жұмыстарын оқушылар таныстырып, ортада қорғады. Тренинг барысында зеректігімен, белсенділігімен біршама оқушылар көзге түсті.











