04
февраль
2020
"Қанекей кім зерек?" түзету-дамытушылық тренингі
Түзету –дамыту тренинігіне 15 оқушы қатысты. Оқушылар «Сәлемдесу» жаттығуында бір біріне жақсы тілектер айта білді. «Кім жылдам?» жаттығуында оқушылар жылдам боламыз деп асығып, көп сөздерге мән бермей асығыстық танытып, әріптерді сызуды ұмыт қалдырған. Оқушылар жарыс деп түсінгенін кері байланыс кезінде айтып өтті, жарыс емес бұл жерде зейін қою керектігі ескертілді. «Түзету» жаттығуында оқушылар «Шалқан» ертегісінен берілген үзіндідегі сөздердің қалып кеткен әріптерін табу керектігі ескертілді. «Суретті аяқта» жаттығуында оқушылар топтық жұмыс орындады. Тапсырмада парақтағы суреттерден әртүрлі суреттер ойлап салу тапсырылды. Оқушылар 3 топтада үй салған және екі топ найзағай, күн, гүл, аққала салған. Суретті тез аяқтай білді. «Он сөз» жатығуында оқушыларға барлығына он сөз бірдей оқылды. Мұнда он сөзді қатыстырып, ертегі құрастыру тапсырылды. Тренинг соңында кері байланыс кезінде оқушылар әңгіме құрастыру қиындық тудырғанын, басқа жаттығуларды жеңіл орындап шыққандарын атап өтті.













