11
сентябрь
2020
5-сынып оқушыларын орта буынға бейімдеу түзету-дамытушылық тренингі
11.09.2020 жылы №221 негізгі орта мектебінде 5-сынып оқушыларын бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі бейімделуін психологиялық сүйемелдеу түзету-дамыту тренингі өткізілді. Тренинг барысында оқушыларға мақсаты мен міндеттері, сабақтың барысы таныстырылып, оқушылар тренингке жұмылдырылды. Тренинг ережелері құрастырылды. «Есім және гүл» жаттығуында оқушылар өз есімдерін кім және не үшін қойғанын стикерлерге жазып, гүл жасады. «Сөйлемді жалғастыр» ойынында «Оқушының жолы» суретіне қарап отырып, бірінші сыныптан бесінші сыныпқа дейінгі қызықты оқиғаларымен бөлісті. Ойын соңында психолог қызықты және оптимистік пікірлерді атап өтіп, енді алдағы сыныптарда оқу жеңіл болатынына үміттендірді.





