09
октябрь
2020
Түзету-дамыту тренингі
09.10.2020 жылы №221 негізгі орта мектебінде 5-сынып оқушыларын бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі бейімделуін психологиялық сүйемелдеу түзету-дамыту тренингі өткізілді. Тренинг барысында оқушыларға мақсаты мен міндеті, сабақтың барысы таныстырылып, оқушылар тренингке жұмылдырылды. Тренинг ережелері ауызша еске түсірілді. Сабақ барысында «Қиялдау» жаттығуы орындалды. Жаттығуда көзілдірік қорапшасы көрсетіліп, қорапшаны көзілдіріктен басқа қандай зат ретінде қолдануға болатыны сұралды. Оқушылар түрлі варианттарды атап өтті де, соның ішінде Айбек мен Мақсаттың жауабы жеңімпаз аталды.



