09
ноябрь
2022
Пікірталас- жанжал емес 7-сынып
Жаңақорған ауданы N221 жалпы орта мектебінде педагог-психолог Г.Сейтованың ұйымдастырумен 25 қазан күні аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жоспарлы жұмысының аясында 7-сынып оқушыларымен "Пікірталас- жанжал емес" тақырыбында психокоррекциялық сабақ өткізілді. Психокоррекциялық сабақта сауалнама, жаттығулар, ереже, ойталқы т.б. әдіс-тәсілдер қамтылды. Сабақ барысында оқушылар сабырлы, өзін-өзі ұстай білу-байыпты, айқын, анық ойдың жемісі екенін, бұл жақсы қасиет әрбір адамға керектігіне назар аударды. Оқушылар үшін сабақ өте қызықты, маңызды болғанын кері байланыс кезінде байқалды.











