05
октябрь
2019
Экосағат
2019 жылдың 3 қазан күні мектебіміздің барлық сыныптарында экологиялық сағат ұйымдастырылды. Оқушыларға экология жайлы білім беру, табиғатты сүйюге, қорғауға тәрбиелеу, оқушыларды әлемдегі көмірқышқыл газ шығарындыларының өсуі проблемасымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада барлық сыныптың сынып жетекшілері мен оқушылары атсалысып, экологиялық сағат барысында өз ойларын ашық білдірді. Жалпысыныптық пікірталас барысында экологиялық проблеманы шешу жолдары оқушылармен талқыланды. Айнала табиғатты аялау , оны таза ұстау барлық адамзаттың міндеті екендігі айтылып, іс-шара қорытындыланды
























