05
октябрь
2019
"Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік" атты мерекелік кеш
№221 негізгі орта мектебінде қазан айының 4–і күні ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу, қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!» тақырыбында ұстаздар күніне мереке өткізілді. Мерекеде оқушылар ұстаздарын қуанту барысында тосын сыйлар жасап, ән айтып, би билеп, оқушылардың таңдауымен әр түрлі номинация бойынша ұстаздарға төсбелгілер тақты.

























