08
июнь
2023
"Балдырған" күндізгі тынығу лагерінің кезекті күні
221 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-маусым күні "Балдырған" күндізгі тынығу лагерінің кезекті күнін оқушылар таңертеңгі дене жаттығуларын жасаудан бастады. Сонымен бірге "Көңілді бет-әлпет" ойынымен жалғастырып, көңіл-күйді әр түрлі мимикамен көрсетті. Әрі қарай балалармен "Ойлы болсаң, озып көр" сайысы өткізілді. Сайысқа "Ынтымақ", "Татулық" топтары қатысып, нәтижесінде екі топ та тең түсті. Лагерь соңында балалар " Музыка бізді біріктіреді" тақырыбында ән айтып, би билеп, көңіл көтеріп тарқасты.
Топ жетекшілері: Г. Төлекова, Б.Үсенова






