21
июнь
2023
Аттестат тапсыру салтанатты кеші
Бүгінгі таңда мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі – өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтың – адамгершілік қасиеті мол, сондай – ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын өресі биік, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Бұған жету жолдары еңбек, ізденіс, сапалы білім.
2022 - 2023 оқу жылындағы 9 сынып оқушыларына негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсыру. Оқу жылын «Ерекше куәлікпен» аяқтап отырған оқушыларды марапаттау мақсатында №221 жалпы орта білім беретін мектебінде 21 маусым күні 9 сынып оқушыларына аттестат тапсыру кеші болды. Кеште мектеп директоры Н. Жахудаев, оқу ісінің орынбасары Б. Жоланов, бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Б. Нысанбаевтар 9 сынып оқушыларына сәт сапар тілеп, құттықтау сөздерін айтты.
Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады,- демекші, білімді оқушылардың асар биігі алда екендігі сөзсіз. Мектеп ұжымы 9 жыл білімді үлкен жетістікпен аяқтап, мектеп мақтанышына айналып, бүгін «Үздік куәлік» иесі атанып отырған Тұрғанбек Досымжан, Сабыржанқызы Қарақат, Аятбек Қарақатты мақтан етеді.



