22
февраль
2023
Аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу
№221 жалпы орта білім беретін мектебінде 22.02.2023 жылы мектеп директоры Н.Үсенұлының қатысуымен, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Тасболатова мен педагог-психолог Г.Сейтова, әлеуметтік педагог М.Құламетов, мектеп медқызметкері Е.Қалдыбайұлының ведомствоаралық жоспарына сәйкес аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу бағытында аудандық емхана психологы Г.Сарбасова, нарколог дәрігер Абдуллаева Дильяра, Салауатты өмір салты мамандары Сақтағанов Талғат, Кадирова Баян, акушер дәрігер Досанова Шолпан, аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы Иса Әбубәкірдің қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық, жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің алдын алу, синтетикалық заттардың зардабы, интернет желісінің қаупі жайлы оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру, ақпараттандыру шарасы өтті. Шара барысында бейнежазбалар көрсетіліп, жадынамалар таратылып, ата-аналар мен оқушылар сұрақтар қойып, пікір бөлісулер болды. Аталмыш шарада келелі мәселелер қозғалып, қатысушылар зияндылықтың, қауіптің алдын алу, ағарту бағытында тиісті мамандардан кеңестер алды.









