"Ана тілім- асыл қазынам" атты бастауыш апталығы
221 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныптар бірлестігінде 21-25 қараша аралығында "Ана тілім- асыл қазынам" атты мектепшілік апталық бастау алды. Апталыққа 2-4 сыныптар қатысады. 21 қараша күні апталықтың ашылуы болды. Ашылу барысында бастауыш сынып мұғалімі Д. Маханова "Көңілді амандасу ", "Ойнайық та, ойлайық" ойындарын ұйымдастырды. Оқушылар ойынға қызығушылық танытты. Әрі қарай апталық жоспарымен таныстырып, оқушыларды апталыққа белсене қатысуға шақырды.