12
март
2020
"Болашаққа бір қадам" топтық кеңес
№221 негізгі орта мектебінде 7.02.2020 жылы 9-сынып оқушыларымен «Болашаққа бір қадам» тақырыбында педагог-психолог Г.Сейтованың ұйымдастыруымен топтық кеңес болып өтті. Топтық кеңеске 13 оқушы қатысты. Оқушыларға мамандық жайлы кіріспе сөзді педагог-психолог таныстыра отырып , оқушыларды жайлы атмосфералық климат қалыптастыру, ұйымшылдығын арттыру мақсатында «Ия, бірақ ...» диалогтық жаттығу жасатты. Оқушылар жұпқа бөлініп, өз таңдап жүрген мамандығы жайлы пікірлесіп, ол мамандық бір біріне қаншалықты сәйкес келетініжайлы ой бөлісті.
«Қолтырауын» жаттығуы. Топ екі командаға бөлінеді. Біріншісі - қандай да бір мамандықты жасырады, екіншісі өзінің ойыншысын бірінші командаға жібереді. Олар оған жасырған мамандығын айтады. Ал ол болса тек ыммен және ишарамен оны бейнелеп көрсетеді, ал оның командасы қандай мамандық екенін түсінуге тырысады. Командалар кезекпен мамандықты анықтайды. Әрбір жаттығудан соң кері байланыс жасай отырып, жаттығулар пысықталды.
«Конверттегі сұрақ» жаттығуы. Барлығы шеңбер бойымен отырады. Тренер емтихан кезіндегідей «билетті» суырып, оны дауыстап оқып, жазылғанға қатысты өз пікірін айтуды ұсынады. Алдын – ала тренингтің тақырыбына орай 30 сұрақ дайындалады. Мысалы: «Сен үшін өмірдің мәні не болып табылады?» немесе «Көпшілік адамдар не себепті мансабын жоғарылата алмайды?» Бірнеше себебін ата. «Конвертте мынадай сұрақтар да болады. Мысалы: «Қандай мамандар қазіргі уақытта сұранысқа ие?» және т.б. Оқушыларға талда укезінде «Не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңыз?» деген сұрақтар қойылып талданды. Оқушылар белсенді болды. Өздері таңдаған мамандығы жайлы көптеген ізденістер жетіспейтінімен бөлісті.
Жаттығулардан соң «Мамандыққа 7 қадам» атты топтық кеңес берілді.